5-қыркүйек — Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай жиын өткізілді.
Мақсаты:оқушыларды өлең оқып,ана тілі туралы ән айтуға баулу,тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.
Тілден асқан байлық жоқ.Тон-торқа,мал-мүлік,алтын-күміс байлығы түпкілікті емес.Күндердің күнінде сарқылады,тозады.Халықпен бірге жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.Қолда бар алтынның қадірін бағалай білейік.Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеріп,оның арын арлап,жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
